“Жақсы көретін ісіңмен айналысқанда ғана, жұмыс жасамауға болады”
Қыркүйек 27, 2010 10 пікір
Сәлем!
Ешқандай дипломды қажет етпейтін, еркін ағыстағы кәсіпкерлік блогына қош келдіңіз.
Бағыт “Бақыт пен Еркіндік” жолына арналған осы блог , “Жұмыс қасқыр емес, бірақ оған да аңшылар бар” деген сияқты, жас кезінде қуатты табыс тауып, ниеттес адамдармен бірігіп, бөлісіп, сауаттану мақсатында осы бетшені бастадым. Есімім-Ардақ. Болашақта таныстық қарым қатынаспен қатар нәтижелі бастамалардың басы осы блог болады деп күтемін.
“Салығыңды төлеп, қоғамға ақылы қызмет ет, сол үшін еркіндікте жүріп, көпшіліктен көп тап”
Кәсіпкерлік – ол кездейсоқ таңдау емес. Қоғамымыздағы көпшілік табыс көздерімен салыстырғанда, таза тәуелсіздікке сай келетінде осы кәсіпкерлік саласы. Әрине барлық салалар секілді қиындығы мен қызығы көп болғанмен, ақырына келгенде жеке бастың мүддесіне жұмыс жасау талпынысқа шабыт бере түсетіндігі құпия емес. Қазыр тірлік жасаған адам аш қалмайтын, дамушы-бай мемлекеттердің бірінде әрбір болашақтан үміті бар саналы азамат, еркіндікте бақыттты өмір сүруге міндетті. Еліміз жас, сұраныс та көп, ұсыныс та көп. Баға – әлемдік нарықпен салыстырғанда ортадан жоғары елде өмір сүріп жатырмыз, сондықтан алыс жақын шетелдердің бағаларына да, талғамына да таңқалыстық жоқ. Нарық бос, таңдау аз болмасада кәсіпкерлік тұрғыда жеке көзқарас пен жаңа өнімге сұраныстың барлық уақытта болатындығы сөзсіз. Еркіндікте жүріп жетістікке жету мен жұмысшы болып, зейнетке шығуды салыстырғанда, екеуінің де тәуекелі бірдей болғанмен, алғашқысы тиімдірек. Себебі барлық адамның бойында кәсібилік туа бітісімен бар болғандықтан оны дамыта түсу керек қана, сонымен қатар өзің ойлағандай етіп өмір сүруден асқан жайлылықта жоқ. Сондықтан мүмкіндікті іздеме, тап!
… қысқаша бағыт осы.






Егер кәсіпкер боламын деп түпкілікті шешсең, онда өзіңе күманданба. Барлық жұмыс секілді гүлдену мен қиын кезеңдер, араларына уақыт салып қатар жүреді. Аптаның көлеңкелі күндерінде кейбір адамдардың, бәрін басынан бастайтындықтары, жұмыс іздеп арпалыс күй кешіп жүргенін байқап жатамыз. “Біз жоқ жердің бәрінде күшті” деген сияқты, бірақ ол тек қана сияқты, сондықтан…

















Пікірлер